«Келес ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог-ассистент бос лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурс жариялаған органның атауы: «Келес ауданының білім бөліміне қарасты №13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: « №13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнына:
1.Педагог-ассистент (1 шатат бірлік).
Мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы мен орналасқан мекен-жайы: №13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.- Келес ауданы. Біртілек ауылдық округі, Ораз ата ауылы, Құрылыс көшесі №1А.
Телефон нөмірі мен электрондық адрес 8(72532) 3-61-10. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары педагогикалық білімі мамандығына сай болуы.
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары педагогикалық білімі мамандығына сай болуы.
Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексін, «Білім туралы», «Педагог туралы заң», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- пелагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ педагогика мен психология негіздерін білуге міндетті.
Лауазымдық айлықақы мөлшері:
Білім беру ұйымының әлеуметтік педагогы- Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 100 000 бастап 110 000 теңгеге дейін.
Конкурс өткізу орны мен мерзімі: Конкурс Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау, конкурстық орналастыру және тғайындау Қағидаларында белгіленген мерзімде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім мен қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі мен оларды қабылдау орны: Осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымдарға орналасу үшін өтінім мен қажетті құжаттарды қабылдау КЕЛЕС АУДАНЫ, БІРТІЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, ОРАЗ АТА АУЫЛЫ. ҚҰРЫЛЫС КӨШЕСІ №1А орналасқан №13 Т.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады немесе нотариалды тәртіппен куәландырылады. Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады. Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: 8(72532) 3-61-10. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.