Директор блогы
Тегі, аты, әкесінің аты: Отарин Жандос Сергеевич
Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Туған күні, айы, жылы: 10.08.1977 жыл
Білімі: Жоғары, (ОҚПУ) Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Шымкент қаласы, 2004 жыл
Тарих және география пәні мұғалімі
Еңбек өтілі: 23 жыл
Басшылық санаты: -
Санаты: Педагог-сарапшы
Отарин Жандос Сергеевич педагогика саласында қиындығы мен қызықшылығы қатар жүретін ұстаздық жолын 2000 жылы Келес ауданы Димитров ауылында орналасқан «№13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінде» тарих және география пәні мұғалімі болып бастап, осы уақытқа дейін жұмыс атқарып келеді. Жас ұрпаққа білім берудегі біліктілігі мен шеберлігі, қабілеті ескеріліп, 2014-2021 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін жоғары деңгейде атқарды.
Отарин Жандос Сергеевич 06.10.2022 жылдан бастап осы күнге дейін Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы білім бөлімінің «№13 Т. Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.
Отарин Жандос Сергеевич – білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын көшбасшы, мектеп алдында тұрған мәселелерді шешудің дәстүрлі емес жолдарын таба алатын, басқарудың инновациялық технологияларын құра және қолдана алатын шығармашылық тұлға. Ұйымдастыру және басқару қабілетінің арқасында үлкен жауапкершілікке сүйене отырып, ұжымда қатаң тәртіппен дұрыс шешім қабылдай білетін қасиетінің арқасында мектептің аудан, облыс бойынша үлгілі мектептердің қатарына қосылуына көп үлес қосып келеді.